Талаптың серігі — табандылық

Кәсіп Ақтөбе қаласының тұрғыны Гүлнұр Қожанованың қолынан шыққан дүниелер ерекше сәнді. Не істесе де, өзгені қайталамай, өзгеше етіп жасауға тырысатын ол көп ізденіп, ерінбей еңбектенеді. Гүлнұрдың шеберлігі қанмен берілген. «Әжем он саусағынан бал тамған шебер болды. Киіз үйдің барлық жабдықтарын киізден оюлап, тепшіп тігіп, алаша, түрлі төсеніштерді өзі істейтін. Маңғыстау өңірінде қолөнер жақсы дамыған ғой», … Әрі қарай оқу Талаптың серігі — табандылық